ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы ҚР Бас прокуратурасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин ҚР Бас прокуратурасының ұжымына жаңа басшы Қайрат Мәмиді таныстырды,

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы  ҚР Бас прокуратурасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше ҚР Президентінің Жарлығымен Рашид Түсіпбеков ҚР Әділет министрі болып тағайындалды. Рашид Төлеутайұлына Мемлекет басшысының атынан алғыс айта отырып, оның прокуратура органына құқық пен заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етудегі қосқан үлкен үлесіне ризашылық білдіреміз. Елбасы Р. Түсіпбековтың мемлекетке адал қызметін жалғастыратынына сенім білдірді. Сонымен бірге, ҚР Президентінің Жарлығымен Қайрат Мәми ҚР Бас прокуроры лауазымына тағайындалды. Қайрат Әбдіразақұлы Қазақстан халқы мен ел Президентіне адал қызмет етіп, барлық қызметтерде өзіне жүктелген сенімді ойдағыдай атқарып келеді. Сондықтан да Елбасы тарапынан жүктеліп отырған бұл жоғары сенімді де өз деңгейінде атқарады деген ойдамыз», деді А. Мусин. Сонымен бірге, жиын барысында ҚР Әділет министрі Р. Түсіпбеков Елбасының алға қойған міндетін атқарытынына сендіре отырып, өткен 9 жыл прокуратура саласында басшылықта болып, бұндай ұзақ мерзім уақытында біршама оң шаруалар атқарылғанын атап өтті. «Біз прокуратура қызметкерлері еліміздің барлық саласында заңдылықты сақтауға күш жұмсадық. Соңғы жылдары прокуратура нақты түрде мемлекетіміздің құқық қорғау органы ретінде өзін танытты, ендігі күні де осы деңгейде жұмыстар жасайды деп сенемін», деді Р. Түсіпбеков.