ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов Мемлекет Басшысының Өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.