ҚР Президенті Әкімшілігінің ұжымы Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 3,5 млн. теңге аударуға шешім қабылдады
АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұжымы Алматы облысында су тасқынын зардап шеккендерге көмек қорына еңбекақы қорынан 3,5 миллион теңге ақша қаражатын аударуға шешім қабылдады.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.