12:27, 25 Қараша 2015 | GMT +5
ҚР Президенті ақпараттандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және республика заңнамасын «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.