ҚР Президенті: Әлеуметтік желілерде жұмыс істеймін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасындағы «Вести недели» бағдарламасына берген сұхбатында әлеуметтік желілермен қалай жұмыс істейтіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті: Әлеуметтік желілерде жұмыс істеймін

«Маған әлеуметтік желілер жат емес, яғни әлеуметтік желілерде жұмыс істеймін. Кейбір тапсырмаларды WhatsApp арқылы беремін. Қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс болмауы мүмкін, алайда тапсырмалар жедел түрде жүктеледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, телеарна тілшісі Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасы туралы сұрады.

Бұл орайда Президент Twitter-ді БҰҰ-дағы қызметінен бері пайдаланып келе жатқанын жеткізді.

«Ол жерде Twitter-де өзіңнің жеке парақшаңды жүргізу дұрыс саналатын. Байланыстың осы түріне әбден үйреніп қалдым. Twitter деген не? Бұл жеке телеграф агенттігің іспетті», - деді Президент.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы аталған парақшасы арқылы өзінің пікірі мен тапсырмаларын жиі жариялап тұратынын, сондай-ақ көтерілген нақты мәселелер бойынша ел халқы жедел хабардар болатынын айтты.

«Сонымен қатар, менде Instagram-да парақшам бар. Бірақ та оны Президент болғаннан кейін аштым, яғни бұл парақшаны ашуға кеңес берді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.