ҚР Президенті: Әрбір басшы мансап жолын төменнен бастауы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрбір басшы мансап жолын төменнен бастауы тиіс. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Мемлекет басшысы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

ҚР Президенті: Әрбір басшы мансап жолын төменнен бастауы тиіс

«Әрбір басшы төменнен бастап, барлық басқару деңгейінен өтуі тиіс деп айтып келемін. Кеңес үкіметі кезінде бәрі жаман болды деп айтуға болмайды. Бір басшыны шығару үшін алдымен ол ауылда басшы болып жұмыс істеуі тиіс еді. Содан кейін ауданда, ауданнан қалаға, қаладан облыстық басшылық деңгейдегі қызметке келуі тиіс еді. Одан кейін бастық болушы еді. Қазір сайтандай сап етіп, бастық, миинстр болып шыға келеді», - деді Елбасы.

ҚР Президенті өзінің басқарушылық қызметінің барлық сатысынан өткендігін де съезд қатысушыларының қаперіне салып өтті.

«Мен мұның барлығын өте жақсы түсінемін. Өйткені, мен мұның барлығынан өткен болатынмын. Міне, мемлекеттік қызмет дәл осындай болуы тиіс», - деді ҚР Президенті.