ҚР Президенті әскери қызметшілерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.
None
None

***

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №274

 Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Қаулы етемін:

1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өт­керген мерзімді әскери қызметтегі әскери қыз­мет­шілер 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Қарулы Күштері, Қазақстан Рес­публикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әс­керлері, Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Респуб­ликасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.

2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жи­ыр­ма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қа­зақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республи­касы Республикалық ұланына, Қазақстан Рес­публикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-жел­тоқ­санында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдас­тыр­сын және қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Респуб­ликалық ұланы мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қа­зақстан Республикасының Қарулы Күште­рі­не, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министр­лігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республи­касы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Респуб­ликалық ұланына, Қазақ­стан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өт­керген әскери қызметшілерді босатуды қар­жылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

5. Осы Жарлық алғашқы ресми жария­ланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 1 наурыз. 

№274

Соңғы жаңалықтар