ҚР Президенті Астана қалалық соттарында жаңа тағайындаулар жасады

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Астана қалалық сотында бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 шілде 2012 жылғы №350 «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығына сәйкес:

1. Астана қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне Сәрсенбаев Амангелді Өмірбайұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

2. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне Алшынбаев Рүстем Мырзакәрімұлы, Қазақстан Республикасы Әскери соты апелляциялық сот алқасы төрағасының қызметінен босатыла отырып;

3.Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне Хайруллин Рахметулла Сайфуллинұлы, Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

4. Астана қалалық сотының судьясы қызметіне Сисимбаев Ермек Қаписұлы, Солтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

5. Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметіне Сансызбаева Ақсүйрік Маратқызы, Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

6. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне Кенжаев Абдулла Әбуталипұлы, Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

7. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне Ли Жанна Михайловна Ақтөбе облыстық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

8. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне Смаилов Ағат Дулатұлы Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды.

Сонымен қатар, Астана қалалық сотының судьясы Айтқожин Еркен Жұмабайұлы; Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Шаповалова Ирина Николаевнаорнынан түсуіне байланысты қызметтерінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар