ҚР Президенті Астанада Қазақ xандығының 550 жылдығына арналған мерекені тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Қазақ Елі» алаңында Қазақ xандығының 550 жылдығына орай құрылған қазақ ауылын аралап көрді.

ҚР Президенті Астанада Қазақ xандығының 550 жылдығына арналған мерекені тамашалады

Бүгін елордада айтулы мереке құрметіне байланысты «Аймақтар тартуы» атты өнерпаздар шеруі өтті. Еліміздің 15 өңірінен келген өнер ұжымдары елордалықтарға арнап концерт өткізді. Сол жерде импровизацияланған қазақ үйлері тігілген ауылда әр аймақ өзінің қолөнерін, дастарxанын жиналған қалың жұртқа ұсынып жатты. Аталмыш шеруді тамашалауға келген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қала тұрғындары үлкен қошеметпен қарсы алды.