ҚР Президенті: Бізде дағдарысты еңсеру үшін мүмкіншілік пен ресурстар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бізде дағдарысты еңсеру үшін мүмкіншілік пен ресурстар бар. Бүгін "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс 17-ші съезінде сөз сөйлеген ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

ҚР Президенті: Бізде дағдарысты еңсеру үшін мүмкіншілік пен ресурстар бар

«Біз жаңа ахуалда өмір сүруді, даму үшін мүмкіндіктер тауып, сын-қатерлерді ептілікпен еңсеруді үйренуіміз қажет. Кейбіреулері жақын арада мұнай бағасы көтеріледі деп ойлауда. Бізге осы жағдайда өмір сүруге үйрену керек. Бұл ұзақ үдеріс болады. Мүмкін бұл жақсы болатын шығар, яғни осы бағыттағы шаралармен айналысу - қажетті қадам. Бізде дағдарысты еңсеру үшін мүмкіншілік пен ресурстар бар», - деп тоқталды Елбасы.

Осы орайда Президент Қазақстан бұл жағдайда «Нұр Отан» партиясы жауапкершілікті жұмыстарға үнемі даяр болуы керектігін қадап айтты.

Н. Назарбаев мұнайдың төмен бағасы жағдайында еліміз біраз уақыттан бері өмір сүріп отырғанына тоқтала келе: «Ештеңе болған жоқ қой. Сондықтан әлемдік дағдарысты еңсереміз, осы ахуалда жұмыс істеуге бейімделу қажет», - деп түйді сөзін.