ҚР Президенті браконьерлікпен күресіп жүрген Алматы облысының инспекторына алғыс айтты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренкоға Мемлекет басшысының Алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті браконьерлікпен күресіп жүрген Алматы облысының инспекторына алғыс айтты

«Бүгін ел Президентінің тапсырмасымен Алматы облысына жұмыс сапарым барысында Қасым-Жомарт Кемелұлының атынан облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренкоға Алғыс хатты тапсырдым», - деп жазды М.Мырзағалиев Twitter-дегі өз парақшасында.

«Мемлекет басшысы инспектордың республикамыздың табиғи байлығын сақтауға қосқан айырықша үлесін атап өтті. Леонид Павлович 30 жылға жуық уақыттан бері осы салада табанды еңбек ете жүріп, браконьерлікпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Қылмыстық істерді ашуға да қатысуда», - деді министр.