ҚР Президенті ЕАЭО-ның өзге халықаралық ұйымдармен әріптестігін нығайтуға шақырды

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында еуразиялық интеграцияның алғашқы 10 жылдығы туралы баяндама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі жылы біздің бірлестікке 10 жыл толады. Біз ЕАЭО-ның мерейтойлы саммитіне жиналамыз. Бұл маңызды оқиға жүріп өткен жолмызды егжей-тегжейлі талдап, одақтың әрі қарайғы стратегиялық келешегін анықтауға жақсы себеп болуы керек деп есептеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент еуразиялық интеграцияның алғашқы 10 жылдық қорытындыларын құжатпен қаттауды ұсынды.

«Осыған байланысты комиссияға Жоғары кеңестің келесі отырысына еуразиялық интеграцияның бірінші кезеңі туралы баяндама дайындауды тапсыруды ұсынамын. Онда негізгі қорытындылар мен жетістіктер, сондай-ақ әрі қарайғы интеграциялық даму бағытындағы нақты ұсыныстар көрсетілуі керек», - деді Мемлекет басшысы.


Кеңейтілген кеңестің отырысына Қазақстан Президентімен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысатыны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар