ҚР Президенті Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы Жарлыққа қол қойды

ҚазАқпарат оқырман назарына Жарлықтың толық мәтінін ұсынады.

***

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 22 желтоқсан

№ 219