ҚР Президенті: Эстония - Қазақстанның Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстония Қазақстанның Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі. Бүгін Ақордада Эстония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яан Рейнхолдтан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

ҚР Президенті: Эстония - Қазақстанның Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі

«Эстония Қазақстанның Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі болып табылады. Біздің елдеріміз арадағы осы ынтымақтастықты одан ары нығайта беруі тиіс. Бұған қажет әлеуетті экология, энергетика, жоғары технология мен көлік транзиті салаларынан табуға болады», - деді Н.Назарбаев.