ҚР Президенті ИКҰ-ға қатысушыларға энергетикалық саладағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық бойынша бірлекескен іс-әрекет жоспарын әзірлеуді ұсынды

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат/Марлан Жиембай/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ИКҰ-ға қатысушыларға энергетикалық саладағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық бойынша бірлекескен іс-әрекет жоспарын әзірлеуді ұсынды. Елбасы аталған ұсынысты бүгін Астанада өтіп жатқан Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында жасады.

ҚР Президенті ИКҰ-ға қатысушыларға энергетикалық саладағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық бойынша бірлекескен іс-әрекет жоспарын әзірлеуді ұсынды

«ИКҰ аясында энергетикалық саладағы инвестициялық және технологиялық ынтымақтастық бойынша бірлекескен іс-әрекет жоспарын әзірлеуді және қабылдауды, сондай-ақ халықаралық инновация орталығын құруды ұсыамын», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауына сүйеніп, алға тартқан деректеріне сәйкес, 2030 жылға дейін энергоресустарды өндіруді және тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 17 триллион АҚШ доллары шығындалмақ.

Мұсылман елдеріндегі проблемаларды шешу ислам әлемінің ішінен жүргізілу қажеттігін баса айтқан Президент, шикізаттық вектордан индустриялық-инновациялық дамуға бету бұру қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның «Болашақ энергиясы» тақырыбыдағы ЭКСПО 2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізуге өз кандидатурасын ұсығанын айтқан Н.Назарбаев: «ИКҰ мүшелерінің біздің бастамамызды қолдайтындығына және осы тақырып бойынша ұсыныстарды талқылауға белсенді қатысады деп сенім артамын», - деді.