ҚР Президенті Қ.У.Бишімбаевты Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қ.У.Бишімбаевты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қ.У.Бишімбаевты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр
№ 250