14:59, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
ҚР Президенті Қарағанды облысының бірқатар кәсіпорындарында болады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.

Сапар бағдарламасында Мемлекет басшысының Қарағандыда бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарда болуы көзделген. Сондай-ақ кешке Н.Назарбаевтың Қарағанды қаласының 80 жылдығына және Шахтер күніне арналған "Шахтер" стадионындағы мерекелік шараға қатысуы жоспарлануда.