ҚР Президенті Қарағандының жаңа орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды қаласының жаңа орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпара Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстан Президенті Қарағанды қаласының «Оңтүстік-Шығыс» ауданында орналасқан тұрғын алабының құрылысын аралап көрді. Мемлекет басшысына қаланы дамыту үшін тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу барысы және оның нәтижелері жөнінде баяндалды. Жаңа орталық аумағында бірқатар әкімшілік ғимараттар мен спорт кешендерін, концерт залын, балалар мен жасөспірімдер үйін, логистикалық көтерме-тарату орталығын және мектеп салу жоспарланған.

nullСонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының іске асырылу барысы, соның ішінде Қапшағай-Бурылбайтал-Балқаш бағытындағы жолдың құрылысы мен облыстың ішкі жолдарын қайта жөндеу нәтижелері жөнінде мәлімделді.

 

nullnull null 

Соңғы жаңалықтар