13:35, 19 Тамыз 2019 | GMT +6
ҚР Президенті: Қазақстан қиын жағдайға ұшыраған халықтарға қол ұшын созуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында еліміздің қиын жағдайға ұшыраған мұқтаж мемлекеттер мен халықтарға қол ұшын созатыны туралы жазды.
«Бүгін Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні. БҰҰ бастамасымен донор-мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да қиын жағдайға ұшыраған мұқтаж мемлекеттер мен халықтарға қол ұшын созуда. Бұл – жаһандық гуманитарлық мәселелерді шешуге бағытталған қайырымды іс»,-деп жазды Президент.