18:31, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
ҚР Президенті қазақстандықтарды жұмылып, сайлауда дауыс беру арқылы азаматтық борышты атқаруға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлау алды штабында қазақстандықтарды жұмылып, алдағы сайлауда дауыс беру арқылы азаматтық борышын атқаруға шақырды.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сөз арнап, олар барлық кем-кетікті жариялап көрсету арқылы мемлекетті нығайту ісіне өз үлесін қосуы тиістігін айтты.
- Нағыз патриот - өз елін мақтайтын адам емес, қайта кемшіліктерді көріп, ұнамсыз тұстарды жөндеуге ықпал ететін адам. Сайлау - жалпыхалықтық іс. Біз дағдарыстан мемлекетіміздегі бірлік пен тұрақтылық арқасында өтіп шыға аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.