13:21, 06 Мамыр 2017 | GMT +5
ҚР Президенті коллекторлық қызметті реттеуге бағытталған заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коллекторлық қызметті реттеуге бағытталған «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Елбасы сондай-ақ, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.