ҚР Президенті Кубогының топтық сатысының соңғы ойынында астаналық «Барыс» Минскінің «Динамосынан» жеңіліп қалды

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Астанада шайбалы хоккейден ҚР Президенті Кубогының топтық сатысының соңғы 2 ойыны өткізілді.

ҚР Президенті Кубогының топтық сатысының соңғы ойынында астаналық «Барыс» Минскінің «Динамосынан» жеңіліп қалды

Демалыс күні алдында «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынына мытищилік «Атлант» пен ригалық «Динамо» шықты. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Ригалық шабуылшы Александр Ниживийдің сәтті буллиті динамолықтарға жеңіс әкелді. Матчтың қорытынды есебі: 3:2.

Екінші ойында астаналық «Барыс» Минскінің «Динамосынан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін «Қазақстан» спорт сарайында финалдық матчтарда тағы да осы командалар кездеседі: 13.00-де 3-4 орындар үшін матчта - «Динамо» (Рига) мен «Атлант» (Мәскеу облысы), ал 17.00-де 1-2 орындар үшін «Барыс» (Астана) - «Динамо» (Минск) командалары бәсекеге түседі.