ҚР Президенті Қытаймен сауда-саттықты 40 млрд долларға жеткізуді ұсынды

None
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен өзара сауда-саттықты 40 млрд долларға жеткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде Қытай – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық көлемі 30 жылдың ішіндегі рекордтық деңгейге жетіп, 31 млрд доллардан асты. Мұндай қарқынмен біз жақын арада тауар айналымы көрсеткішін 35 млрд долларға дейін жеткізу мақсатына қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. Сондықтан 2030 жылға қарай 40 млрд долларлық межені белгілеуді ұсынамын. Осы мақсатқа жету үшін біз өзара сауда номенклатурасын кеңейте алар едік», - деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қытай басшылары бүгін келіссөз жүргізді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.


Соңғы жаңалықтар