ҚР Президенті: Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті: Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық

«Мемлекетіміздің тұтастығын, бейбітшілік пен келісімді бірлесіп сақтай алдық. Азаматтарымыз экстремистермен күресте патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетті. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл – шынайы жаңарудың кезеңі. Табысты әрі өркендеген Қазақстанды бірге құрамыз!», - деп жазды Президент