23:41, 24 Тамыз 2014 | GMT +5
ҚР Президенті: Министрліктерге басшылыққа келгендер - өз саласының мамандары
АСТАНА-ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - Министрліктердің басына келген азаматтар мен азаматшалардың жасы 40 пен 50-дің арасында. «Хабар» телеарнасына эксклюзивті сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Елбасы Жақында Үкіметте жасалған біраз өзгерістер Министрлер кабинетіндегі шенеуніктердің саны шағын болуына және олардың атқаратын жұмыстарын ауқымды етуге байланысты екеніне айта келе, «Байқасаңыздар, министрліктердің басына келген азаматтар мен азаматшалардың жасы 40 пен 50-дің арасында. Көпшілігі ағылшын тілін игерген. Олар - өз саласының мамандары. Бұл басшылар шетелдіктермен сөйлесе алады, келіссөздер жүргізуге қауқарлы», - деді.
Осы орайда Мемлекет басшысы бүгінде елімізде білікті жас мамандар қатары көбейіп өсіп келе жатқандығын атап өтті.
«Олардың барлығы мемлекеттік қызметпен айналысуда. Олар Қазақстанда ең үлкен патриоттардың бірі болады. Сонымен қатар бұл мамандар Қазақстанды алға сүйрейді деп сенемін», - деп түйді Н.Назарбаев.