ҚР Президенті Н. Назарбаев Каспий туризмін дамытуды ұсынды

АСТРАХАНЬ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий туризмін дамытуды ұсынды. «Каспий маңындағы елдердің туристік инфрақұрылымы Каспий туризмін ұйымдастыру перспективаларына жақсы мүмкіндік береді», - деді Н. Назарбаев Каспий маңындағы мемлекет басшыларының IV Саммитінде.

ҚР Президенті Н. Назарбаев Каспий туризмін дамытуды ұсынды

Мемлекет басшысы Қазақстанда Кендірлі туристік аймағын, Түркіменстанда Аваза демалыс орнын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Ресейде, Әзербайжанда және Иранда курорттық аймақтар бар екенін білеміз. Біздің елдеріміздің үкіметі ынтымақтастықтың бұл бағытын жақсылап зерттеуі қажет», - деп қосты Н. Назарбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл аталған елдердің мәдениеттерінің жақындай түсуіне жақсы мүмкіндіктер тудырады.

«Біздің қарым-қатынастарымыздағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың орны ерекше. «Теңіз елдерді бөледі, алайда халықты біріктіреді» деген дана сөз бар. Бүгін Астраханьда Каспийлік жастар саммиті өтуде. Бұл жастар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Бұл идеяны қолдауымыз қажет», - деді Н. Назарбаев.