ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Барысы-2015» турнирін тамашалауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлт көшбасшысы - ҚР Президенті жүлдесі үшін өтіп жатқан қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалауда.
Қазіргі уақытта ширек финалдың соңғы жекпе-жектері өтуде. Соның ішінде Ерлан Омаров пен Ғани Сейділдаев боз кілемге шыққан болатын. Алда республикалық турнирге алғаш рет қатысып отырған Нұрым Сәлімгереев пен аса тәжірибелі барыс Бейбіт Ыстыбаев кездеседі.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Барысы» V республикалық турнирінің жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде 35 мың АҚШ доллары спортшылардың жаттықтырушыларына тағайындалған. Жүлде қоры төмендегідей:
1-орын - 150 мың АҚШ доллары; 2-орын - 30 мың АҚШ доллары; 3-орын - 10 мың АҚШ доллары.