ҚР Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік сапармен Малайзия еліне ат басын тірейді - ҚР СІМ

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Жоғары Билеушісінің шақыруы бойынша 17-18 сәуірде Малайзия еліне мемлекеттік сапармен аттанады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Жоғары деңгейдегі Қазақстан-Малайзия ынтымақтастығын дамытуға бағытталған сапар аясында Мемлекет басшысы Малайзияның Жоғары Билеушісімен және Малайзия Премьер-Министрімен, сондай-ақ қоғамдық-саяси және ірі іскерлік топ басшыларымен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.

Оның айтуынша, келіссөздер барысында Қазақстан-Малайзия бағыты бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар