ҚР Президенті Н.Назарбаев үшін ОҚО-ның 1 млн. 80 мың 850 тұрғыны дауыс берді
ШЫМКЕНТ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында сайлауға 1 млн. 107 мың 782 адам келді,
деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясы. «Бұл 5 сәуірдің кешкі уақытындағы мәліметтер», - деп атап өтті ведомство өкілі.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев үшін ОҚО 1 млн. 80 мың 850 тұрғыны дауыс берді - ол сайлаушылардың 98,06 пайызы. Ғани Қасымов үшін 9 мың 381 адам немесе 0,85 пайыз дауыс берді. Мэлс Елеусізов үшін 6 мың 578 (0,6 пайыз) оңтүстікқазақстандық дауыс берсе, Жамбыл Ахметбеков үшін 5 мың 406 (0,49 пайыз) тұрғын дауыстарын беріпті. 5 мың 567 бюллетень жарамсыз деп танылды.