ҚР Президентi Н. Назарбаевтың «Таңдамалы сөздерi» жинақ болып басылып шықты
«Таңдамалы сөздер» атты 7 томдық жинақ 9 кiтаптан тұрады. Жинақты ҚР Президентi Кеңсесiнiң бастығы Махмұд Қасымбеков бастаған редакциялық топ құрастырды.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары үлкен форумдарда сөйлеген сөздерi мен баяндамаларының барлығын жинақтап, оны қазақ тiлiне толығымен аударып, таңдамалы ретiнде 9 кiтап, 7 том ретiнде басып шығардық. Нұрсұлтан Әбiшұлының 1989 жылы Қазақстан Компартиясының бiрiншi хатшысы болып келгеннен бастап, 2013 жылға дейiнгi сөйлеген сөздерiнiң барлығы жинақталып, осы кiтаптарға енді. Бұл кiтаптардағы сөздер мен баяндамаларды, жолдаулар мен мақаларды iс жүзiнде ел тәуелсiздiгiнiң шежiресi деп айтуға болады», - дейдi М. Қасымбеков.
Оның айтуынша, кейбiр тарихи кездесулердегi Президент сөздерiн тiрнектеп жинау қиынға соққан. Себебi, кейбiр баяндамалар ешбiр газетте басылмай, сол кездегi тiлшiлердiң жеке қорындағы диктофондарында, бейне қорларында, стенограммаларында ғана сақталып қалған. «Соларды жинақтап, іздестіріп, қайтадан қағазға түсiруге тура келдi. Мақалада басылып, мұрағатқа өтiп кеткен баяндамаларды да жинақтадық», - деп атап өттi М. Қасымбеков.
Бұдан басқа, сөйлеген сөздер мәтiндерiнiң үлкен көлемiн орыс тiлiнен қазақ тiлiне аудару, сондай-ақ нақтылау және мемлекеттiк тiлдегi терминологиялық аппаратты айналымға енгiзу жөнiнде үлкен жұмыстар атқарылған.
Материалдардың жиналуына қарай жинақтың жалғасын басып шығарып отыру жоспарлануда.