17:39, 10 Қараша 2011 | GMT +5
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі полигонды жапқаны үшін медальмен марапатталды
қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және бұрынғы КСРО президенті Михаил Горбачев Семейдегі полигонды жабуға қосқан үлесі үшін және осы оқиғаның 20-жылдығына орай медаль алады, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл туралы бейсенбі күні Новосибирск облысының «Семей Одағы» қоғамдық ұйымының төрағасы Елена Якубовская хабарлады.
Әлемдегі ең ірі Семейдегі ядролық сынақ полигоны 1991 жылы 29 тамыз күні жабылған. 1949 бен 1989 жылдары аралығында мұнда 468 ядролық бомба сынақтан өткізілген. 1949-1963 жылдар аралығындағы орасан күшті ядролық жарылыстар мен атом бомбалары Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе күшті болған.