ҚР Президенті отандық білім мен ғылымды дамытуда өзекті мәселелерді айқындады - РФ-дағы қазақстандық студенттер
МӘСКЕУ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шетелдерде оқитын отандық мамандар өздерінің келешегін Қазақстанда алған әлеуетті білім негіздерін қолданумен байланыстырады.
Мұндай пікірді Назарбаев Университетінде Мемлекет басшысы тікелей эфирде өткізген интерактивтік дәрістен кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша ресейлік жоғары оқу орындарында оқитын студенттер білдірді.
М.Ломоносов атындағы ММУ-дің ғылыми қызметкері Ибрагим Мұқышевтың пікіріне қарағанда, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев интерактивті дәріс барысында отандық білім мен ғылымның дамуындағы өзекті мәселелерге баса көңіл бөлді. Білімді дамыту Қазақстанның әлемдік қоғамдастықта жетекші орынға шығуына мүмкіндік береді.
«Бірінші кезекте бұл - жоғары дәрежелі мамандарды дайындауға бағытталған білімдегі өзекті мәселелер. Қазіргі уақытта постиндустрияландыру кезеңіне дайындық мәселелері алдыңға орынға шығып отыр. Сондықтан да «білім-ғылым-инновациядан» тұратын үштіктің дамуы мемлекеттің басты бағыттарының бірі болып табылады», - деді Мемлекет басшысы.