ҚР Президенті полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорын жұмысымен танысты

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Новопэк» ЖШС-ның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорындағы өнім шығару жұмысының технологиялық процесімен танысты.

Өндірілетін өнім әлемдік стандарттарға сай келеді және Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Зауытта 940-тан астам адам жұмыс істейді.

Компанияның бас директоры Рүстем Османов Президентке кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 600 орындық жатақхананың құрылысы туралы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын балабақша жайында баяндады.

Соңғы жаңалықтар
telegram