ҚР Президенті Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

ҚР Президенті Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысымен кездесті

Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы, соның ішінде халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.

Сонымен қатар, екі елдің қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша пікір алмасты.
null