ҚР Президенті сайлауын БАӘ-дегі 800-ден аса сайлаушы күтіп отыр

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті сайлауына Біріккен Араб Әмірлігіндегі 884 қазақстандық дауыс береді. Оның ішінде 734-сайлаушы Дубай қаласында, 150-і Әбу-Дабида.

ҚР Президенті сайлауын БАӘ-дегі 800-ден аса сайлаушы күтіп отыр

БАӘ сайлаушылар үшін екі сайлау уческесі жұмыс істейді. Ол Дубайдағы және солтүстік әмірліктегі сайлаушылар үшін ҚР Бас консулдығы ғимаратындағы №224 және ел астанасындағы №233 сайлау учаскесі. Абу-Даби қаласындағы Елшілік ғимараты мына мекен жай бойынша орналасқан: 593 Rashid Bin Saeed Al Maktoum Street (Main street No.2) Al Safaraat District. Ал Дубайдағы Бас консулдық мекен жайы: Умм Аль Шейф ауданы, № 3 көше, 14-ші вилла. Сонымен қатар, Дубайда сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлауды өткізу үшін отандастарымыз тұратын Шардажа солтүстік әмірлігіне бару ұйымдастырылған. Арнұр Рахимбеков