ҚР Президенті сайлауына халықаралық байқаушыларды тіркеу 20 сәуірде аяқталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті сайлауына халықаралық байқаушыларды тіркеу 20 сәуірде аяқталады. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында сәйкесінше қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген ҚР Президентін кезектен тыс сайлауына келетін шетелдік мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сонымен қатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралы өкілі жеке басын куәландыратын құжаты бар бір аудармашыны ілестіруіне мүмкіндік беретін қаулы шығарды», - деді қаулы мәтінімен таныстырған ҚР ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова.
Сондай-ақ, оның айтуынша, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған жағдайда сайлауды байқауды жүзеге асыруға құқылы.