ҚР Президенті сайлауында сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 89,69 пайызы дауыс берді - ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикада сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 89,69 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев айтты.

ҚР Президенті сайлауында сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 89,69 пайызы дауыс берді - ОСК

«Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда сағат 18.00-дегі сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы мәліметті бермекпіз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 89,69 пайызы сайлау бюллетенін алды», - деді комиссия мүшесі.

М.Сәрсембаевтың атап өтуінше, олардың ішінде, Ақмола облысы бойынша - 94,81, Ақтөбе облысы бойынша - 85,05, Алматы облысы бойынша - 91,17 , Атырау облысы бойынша -92,96, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 93,55, Жамбыл облысы бойынша - 92,97, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 90,16, Қарағанды облысы бойынша - 91,12, Қызылорда облысы бойынша - 93,68, Қостанай облысы бойынша - 91,27, Маңғыстау облысы бойынша - 88,45, Павлодар облысы бойынша - 90,23, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 93,86, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 93,55, Астана қаласы бойынша - 88,29, ал Алматы қаласы бойынша - 73,17 пайызды құрайды.

Айта кетейік, дауыс беру республика бойынша 9741 сайлау учаскесінде жүріп жатыр.