ҚР Президенті «Шеврон» компаниясы басшыларымен мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Джон Уотсонмен кездесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен отын-энергетика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Д.Уотсон Елбасына компанияның қазіргі қызметі мен біздің еліміздегі мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
Сондай-ақ, Елбасының «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшелерімен өткізген кездесуінде Қазақстанның «Шевронмен» ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Атап айтқанда, мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ компанияның мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға қатысуы туралы сөз қозғалды»,-делінген хабарламада.