ҚР Президенті Сирияға бітімгерлерді бағыттау мүмкіндігі жайында айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сириядағы деэскалация аумағына бітімгерлерді бағыттау мүмкіндігі жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізге деэскалация бөлігіне қатысты қойылған мәселе бар. Біріншіден, біздің Конституцияға сәйкес, шиеленіс ошағына тек Парламент шешімімен бағыттай алаймыз. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жарғысы бойынша осындай күштердің қатысуы қарастырылмаған. Алайда БҰҰ бұндай күштердің бағыттауы туралы шешім қабылдаса, онда біз БҰҰ мүшесі ретінде сол жерге өзіміздің әскерилерді жібере аламыз»,-деді Президент Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.