ҚР Президенті «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесі төрағасымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады

БЕЙЖІҢ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнминмен кездесті.

ҚР Президенті «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесі төрағасымен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысуы мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы "СИТИК Групп" корпорациясы мен Қазақстанның жақсы ынтымақтастық тарихы бар екенін атап өтті. - Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинадық. Компания Қазақстанның нарығындағы қызметі кезінде оң нәтижелерге жетті. Қазір жаңа заман келе жатыр, жаңа жобалар мен міндеттер туындауда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Чан Чжэнмин компанияға көп жылдар қолдау көрсеткені және елде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.