ҚР Президенті: Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім – тарихи шешім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті: Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім – тарихи шешім

«Біздің бұл кездесуіміз аймақтағы және жалпы әлемдегі күрделі процестер аясында өтіп жатыр. Аймақтық және жаһандық қауіпсіздік саласындағы жағдайлар мемлекетаралық қарым-қатынаста қақтығыс әлеуетінің артуымен тіпті ушығып барады. Осының аясында Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстарды тоқтату мақсатында жасаған Ресей президенті Владимир Владимирович Путиннің бастамасына ең жоғары баға беруге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев сессияда.

Қазақстан Президентінің айтуынша, Ресейдің қатысуымен жасалған келісімді туындаған қиын жағдайдағы ең дұрыс шешім деп атады.

«Бұл келісім аймақтағы ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз етеді. Менің ойымша, бұл – тарихи шешім», - деді ол.