ҚР Президенті ТМД елдерінің басшыларына құттықтау жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай ТМД елдерінің басшыларына құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті ТМД елдерінің басшыларына құттықтау жолдады

«Жеңіс күніне орай ТМД мемлекеттерінің басшыларына құттықтау жолдауымды жібердім. Сонымен қатар құттықтауым Грузия мен Украина Президенттеріне де жолданды», - деп жазды Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс мерекесімен құттықтаған болатын.