ҚР Президенті төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.

«Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғалидің айтуынша, сессия екі күнге жоспарланған болатын.

«Бірінші күні үш секцияда пікірталастар өтті – «Ұлт келешегі және ҚХА-ны жаңғырту, «Халық бірлігі; білімнің, мәдениеттің және азаматтық қоғам мен бұқаралық медиа институттардың рөлі» және үшінші секцияның тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар сессиясы». ҚХА сессиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді», - деді ол.

Бұған дейін жазғанымыздай, кеше орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен ведомство отырысы өтті.

Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеу мәселесі қаралды. Дауыс беру биылғы 28 сәуірге тағайындалған.



Соңғы жаңалықтар