ҚР Президенті Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Мемлекет басшысы Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының қолдауымен салынған, жалпы аумағы 32 гектар жерді қамтитын «Жібек жолы» саябағына барды. Онда қалада іске асып жатқан жобалармен танысты.

Шара барысында Қазақстан Президентіне Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы жайында ақпарат берілді. Әуежай құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қасқасу» тау шаңғысы кешенін дамытуға және өңірдегі су ресурстарына қатысты жобалар туралы мәлімет берді.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығын дамыту, Түркістан қаласындағы мәдени-рухани жобалардың жүзеге асырылуы, шаһарға тартылған инвестиция көлемі жөнінде баяндады. Сондай-ақ Президентке өңірдегі COVID-19 инфекциясына қатысты жағдай және оған қарсы қабылданған шаралар, облыстық ахуалдық орталықтың жұмысы жайында есеп берді.


Сапар соңында Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.


Соңғы жаңалықтар