ҚР Президенті Үкіметке еліміздегі барлық жерлердің инвентаризациясын жасауды жүктеді

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке еліміздегі барлық жерлердің инвентаризациясын жасап, хаттауды жүктеді.

ҚР Президенті Үкіметке еліміздегі барлық жерлердің инвентаризациясын жасауды жүктеді

«Өңірлер бойынша жердің әлеуетін анықтау керек. Оларды ауыл шаруашылығы айналымына енгізу әлеуетін де зерттеу керек. Инвентаризация қорытындысына сәйкес, әрбір өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын әртарапты өсіруге байланысты нақты жоспарлар болуы шарт», - деді Н. Назарбаев.