ҚР Президенті ұлттық бірегейліктің түсінігіне нақты сипаттама берді - сарапшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттің бағдарламалық мақаласында жаңғырудың негізі мен іргетасы ретінде ұлттық бірегейлік түсінігі айқын көрсетілген. Бұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дәл осы түсінік көбінесе пікірталастар үшін себеп болып жүрді. Мемлекет басшысы тарих пен ұлттық дәстүр міндетті түрде ескерілуі тистігін атап өткен. Бұл халықтың өткен, қазіргі және болашақтағы көкжиектерін өзара байланыстыратын тұғырнама»,-деді Сәдуақасова.
Оның пайымынша, Президент халқымыздың тағдырының қиындығына тарихи баға беріп отыр. «Көшпелі қоғам мәдениетінен қазіргі заманғы ұлтқа қарай тарихи қысқа мерзімде үш өте маңызды трансформация арқылы өткен жолымыз болашақ алдында қауіпті сын-қатер болды. Осы қатаң жағдайларда ұлттық рух, дәстүрлер мен патриотизмнің, прагматизмнің және адамгершіліктің күші халықты біріктіретін негізді сақтай алды»,-деді сарапшы.
Осы орайда ол егер де халқымыз дүниежүзіне өзінің кім екенін айқын көрсетпесе, қазіргі әлем мейірімділік таныпайтынын атап өтті.
«Бұл тұрғыда гуманиатарлық білім елеулі рөл атқарады. Яғни осы ретте сыни көзқараспен ойлау, көп тілді меңгеру, ашық әрі сындарлы болу қадамдары қамтылады. Елбасы мақаласында: «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз» деп қадап айтты. Бұл өз кезегінде ұлттың шығармашылық, зияткерлік әрі құндылық тұрғысында дамуына жаһандық мүмкіндіктер ашады»,-деді Сәдуақасова.
Президент осы мақсатты іске асырудың тетіктерін нақты айқындап берген болатын.
«Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет»,-деп нақтылап өтті Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында»,-дейді ол.
Сарапшының сөзіне қарағанда, Президенттің айқындап берген бағыттарына орай мемлекетті алдағы уақытта ауқымда жұмыстар күтіп тұр.
«Бұл жаңа идеялар мен ғылыми жаңалықтардың ғасыры. Бүгінде біздің буын қандай негізді қаласа, соған ұлтымыздың коды мен рухани тұрпаты байланысты болады»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған болатын .