ҚР Президенті ұлтжанды азаматтар мен түрлі қоғам өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтжанды азаматтар мен түрлі қоғам өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті ұлтжанды азаматтар мен түрлі қоғам өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды

«Мемлекет болашағына қатысты мәселе бойынша алауыздыққа жол беруге болмайды. Біз оң өзгерістерді билік пен қоғамның ортақ келісімі және сындарлы іс әрекеті арқылы ғана жүзеге асыра аламыз. Осыны есімізден шығармайық... Мен еліміздің ұлтжанды азаматтары мен түрлі қоғам өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырамын», - деді Президент.