ҚР Президенті: Вакцинаға қатысты тәжірибе бөлісіп, бір-бірімізді қолдауымыз керек
![None None](/static/img/plug.webp)
«Індетті тоқтатудың бірден-бір жолы азаматтарымызды вакцинамен жаппай қамтамасыз ету екені айдан анық. Біздің елдеріміз де екпе шығаруды қолға алды. Ортақ мүддеге сай тәжірибе бөлісіп, бір-бірімізді қолдаумыз қажет деп санаймын. Өкінішке қарай, халықаралық қауымдастық пандемияға қарсы күрес кезінде тұтас әрекет ете алмады. Негізгі ірі мемлекеттер арасында қайшылықтар туындап, вакциналық қақтығыс басталып кетті. БҰҰ-да осындай күрделі жағдайда өз әлеуетін көрсете алмады», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті осы күрделі кезеңде денсаулық сақтау және биоқауіпсіздік мәселесінің маңызы арта түскендігін баса айтты.
«Бұл ретте БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясында Қазақстан Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастама көтергені белгілі. Сіздер осы тың идеяны қолдайсыздар деп сенемін. Агенттік болашақта биологиялық қатердің алды алуға және қауіпті дерт бойынша мәлімет алмасуға мүмкіндік берері сөзсіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.