ҚР Президенті «Yildirim Holding» компаниясының басшысын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Юксел Йылдырыммен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Президенті «Yildirim Holding» компаниясының басшысын қабылдады

Кездесу барысында тараптар химия өнеркәсібіндегі инвестициялық жобаларға қатысты мәселелерді және оларды іске асырудың перспективаларын талқылады.  

«Yildirim Holding» компаниясы басқармасының төрағасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдіріп, Мемлекет басшысына Жамбыл облысында кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспары туралы айтты.