ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия митингтер туралы жаңа заңды әзірлеуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия Үкіметке Қазақстанда бейбіт жиындарды, митингтер мен шерулерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы жаңа заң жобасын әзірлеп қабылдауды ұсынуда. Бұл туралы бүгін аталған комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев мәлім етті.
None
None

«Комиссия Қазақстанда бейбіт жиындарды, митингтер мен шерулерді өткізу туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді немесе қолданыстағы заңнамаға елеулі өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынды», - деді Т. Әбішев «Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндаманы таныстыру барысында. Осы орайда ол қолданыстағы заң 1995 жылдың 17 наурызында қабылданғанын еске салып өтті. «Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ұстанымы бойынша аталған заң жетілдіруді қажет етеді, себебі, одан бері 20 жыл уақыт өтті», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар